Ары аяққа басылғанына күйініп, намыстан өртене жаздады. ~ Нұртайдың немере қарындасын алған күйеуі Қанай Қабанбаев деген қу жігіт, уездік жер-су бөлімінде қызмет істейді. Осы антұрған намысқа қызып, біздің сыртымыздан неше түрлі пәле қарастырып жүр дейді. С.Ом. ~ Бас киімін әулекіленген төменетекке беріп жіберіп, намысқа қызбай, ыздиып ыстық шай сораптайтын қай еркекті көріп едің. С.См. ~ Поштабай қожасының дәл мұндай “сипатын” бұрын-сонды” естімесе керек, көзі бақырайып тұрады да, іле намысқа қызынып, о да ашуға мінеді. С.См.
