Posted in

НАНЫН ТАУЫП ЖЕДІ (ТАПТЫ)

Күнін көрерлік әрекет асады, жұмыс жасады. ~ Сорлы соншама көздің жауын аларлық қағына қызыл болмаса ғой, бір жерде нанын тауып, күнін көріп жүрер еді, міне, енді Әдібайдың жаман төсегінің тұсында сойған түлкідей ырсиып тұр. О.Әу. ~ Үшіншісі… білмесе білмейді де. Нанын тауып жесе болды, оған тұлғаның не керегі бар?!.. Ж.Аяз. ~ − Әй қарағам, осы қаршадай балалардың миын ашытпасаңдаршы. Оқымаса да бір нанын тауып жер, тек дендері сау болсын де,- деген. С.Мұр. ~ – Сен оқып, менің көсегемді көгертпей-ақ қойшы, әкем! Ата-бабаң оқымай да нанын тапқан. Ел есін жия алмай жатқанда қайдағы қаражат, — деп жездем қатты кейіп… Т.Әбд. ~ Әркім өз ісімен айналысу керек. Салтын ұстап, дәстүрін жалғастырса, жерде еңбек етіп, нанын тапқан ел артта қалғаны ма? АҚ “Таразы…”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *