Posted in

НАРДАЙ ШӨКТІ

Қартайды, шойырылып қалды, еңсесі түсті. ~ Жастық шақ қайтып мойын бұрмадың – ай. Жас дәурен мені қайда бастамадың, Қай кезде ілгері айдап баспаладың. Отырмын кәрілік жеңіп нардай шөгіп, Басымнан өткеннен соң жастық шағым. Н.Әбут. (“Байеке Айдаболұлы”) ~ Бұл күнде бұзықтарға беріп тізгін, Нараусып, нардай шөкті небір нықтар. “Әй!” деуге аса қарап алар да әл жоқ, Жай қалды жалынып тек жылап, сықтар. Т.Ізт.

  1. Отырып қалды, жер бауырлады. ~ Лезде қабір үстіне қара топырақ жоталанып, қара нардай шөкті. Т.Сәу. ~ Шалдың кенже баласы қолына таяқ ұстап, белін белбеумен қыстап, күн-түн жүріп, айлар-жылдар жүріп, бір заңғар тауға келеді. Нардай шөккен заңғар тау алдын бөгейді. БС “Алдар көсе”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *