Алып тұлғалы, ірі денелі, ер мінезді. * Тарастың құлағына ат тұяғының дүбірі естілетіндей, көз алдынан найза сілтескен нар жігіттердің жанды бейнесі атойлап елес беретіндей көзі жайнап, қаны ойнап кететін. Ү.Жәл. * Демежанның білім- беделін былай қойып, сырт тұлғасы өзінен әлдеқайда биік, екі иығына екі кісі мінгендей, нар жігіт екенін көргенде, қаны басына шауып, ішінде алай- дүлей боран соғып өткендей болған. Қ.Жұм. * Кесек тұлғасымен түгел ойысқан нар жігіттің “қалтырап дірілдемеген” өн- бойы жоқ еді. С.Смат. ~ Мә, оқы, шалқаңнан түспе тек! Сендей нар жігіттер газет бетіндегі былшылға шарт сынса, біз сияқты уақытша әкімдер танауымен жер сүзіп, есінен тануы анық…М.Сәрс.
