Posted in

НАР КЕСКЕН

Сом болаттан соғылған, екі жүзді алмас қылыш. * Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім Арғында жүр екен ғой жоқты мақтап. Найманда екі жүзді нар кескенмін, Желкеңді қимақ үшін қойған саптап. Біржан Сал. * Тауыс па, тоты кұс па жасыл қанат? Жарықтық жұмақ құсы қайда болад? Тұсында ханышаның ілулі тұр Нар кескен – аспаһани қайқы болат. І.Жанс. *… күнге шағылыстырып, жарқ-жарқ еткізіп нар кескен семсерін жалаңдатқан сайыскерлер … Ә.Кек.

  1. Елеулі, оттай жарқылдаған д.м. * Бір төбенің шаңын бір төбеге қосқан нар кескен жылдарын есіне алғаны ма … О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *