НЕГЕ ДЕЙСІҢ ҒОЙ “Себебін білгің келсе, айтайын” д.м. * Сәйбек осыны айтты да, сәл ойланып барып: — Ал сен… сен ғана емес-ау, қазіргі осы оқып жүрген балалар, көбің ақымақсың, — деді. — Неге дейсің ғой. Ақымақ емей, немене, тәртіпті жүр, оқуыңды жақсы оқы, адам бол десе, сендер соның бәрін керісінше істейсіңдер. Б.Соқп. * Шерубай ақсақал ашуланғанның орнына қуанып жылқышыға шапан сыйлапты. Неге дейсің ғой. Бұндай құт байдың байына ғана келеді екен. Және жүз жылда бір-ақ рет келеді екен. Т.Әсемқ. * — Тентегім, сен менің аузымды қышытпа. Неге дейсің ғой. Егер сенің орнында болсам, еркек болып жаралсам, қолыма қару алып, анау окопта жатар едім. Жарық дүниені көре алмай кеткен тұқымыңның кегін алар едім. К.Қаз. * Егер маған уақытты бір затқа теңе десе, ойланбастан асау тұлпарға теңер едім.Неге дейсіз ғой! Асау тұлпар сенің еркіңе бағынбайды,оны тоқтата да алмайсың,ұстап тұра да алмайсың. Өз еркімен кейде қатты,кейде баяу зырғиды. Г.Үсіпбек.
