1Көп емес, санаулы ғана. ~ Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, Болады осындай қыз некен-саяқ. Піскен алма секілді тәтті қызды Боламын да тұрамын көргендей-ақ. Абай. ~ Кейбір вагонның алдында ғана терезеге қарап ымдасып тұрған некен саяқ шығарып салушы бар. Т.Әл. ~ Құмдағы отырықшы ел некен-саяқ Серiнi көрген емес бөтен санап. К.Мыр.
- Сирек, ілуде біреу. ~ Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, Болады осындай қыз некен-саяқ. Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ. Абай. * Қара қазақтың баласына беретін тағылымы белгілі. “өтірік айтпа, қиянат қыл-ма,
адал бол, ақжүрек бол, өзің үшін оқыма, мен үшін де оқыма, үлтыңа қызмет қылып, пайда тигізу үшін оқы! ” деп үйреткен
қазақ некен-саяқ шығар. Ж.Айм. * Ымырт меңдеп, қараңғы түседі. Жын-перілер жайлаған түн баласында лашықтан шығып,
қам ойлайтын тірі жан некен-саяқ. Т.Әбд.
