Posted in

НЕКЕ ҚИДЫ

Екі жастың ерлі-зайыпты болу рәсімін жасады. ~ Амалы жоқ Күнтай, Зейнептің қиылған сөзін достық көрді де, ризашылық білдірді, көп кешікпей Ақпанның бір семіз тушасы сойылды да, азынаулақ шал-кемпір жиналып, қарашы ауылда тұратын шала — дүмбілездеу молда Ақпан мен Күнтайдың некесін қиды. С.Мұқ. ~ Тоқтат сөзді, – деді Қалпе қатуланып. – Тотия мен Нұрперзенттің некесін қидым. Оған мына жұрт куә. Аумиын! – Қалпе тізесіне қолын тіреп орнынан тұра берді. Қ.Ысқ.~ Қан Жантайды сұрасаң, Сілбеден сірге қидырған, Шелектеп қымыз құйдырған, Сыңсыма көйлек ақ тамақ, Жолда неке қидырған. А.Байт. (“Алтай тәті”). ~ Сөйтіп ағасы мен інісі бір-біріне қуана табысады. Ағасы үлкен той жасап, әйелді інісіне қосып, неке қидырады. Қаз.ерт. ~ — Соның батасынан кейін, ризалығынан кейін ғана неке қидырасың, балам. Х.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *