Posted in

НЕСІП БОЛДЫ

НЕСІП БОЛДЫ

Маңдайына жазылды. ~ Адам өмірінде табиғаттың қандай тамаша, қандай ғажап түрін көруге несіп болса, сондай ғажап сүгірет жарқ етіп көзіме көрінеді. Ж.Айм. ~ Көп халайық келеді алдарына Малын айтып келеді хақ жолына. “Қайсымызға бұл несіп болады?” – деп, Ерлер қарсы келеді таңдауына. М.-Ж.Көп.

НЕСІП БОЛМАДЫ

Жолы болмады, әлдебір істің орайы келмеді, үміті ақталмады. ~ Бірақ қалыңдықтың қызығын көрісу Сүлейге жуырда несіп болмады: мынадай қырсыққа ұшырады. Ж.Айм. ~ Сүлей барады. Қонады. Қыз əкесі қызғаншақ адам екен. Сезіктеніп сақалы қаудиып отырып алады. Қызды көру Сүлейге несіп болмайды. Жолдастары көреді. Сүлейді есіктен сығалап, қыз көріп ұнатады. Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *