Не істей алады, қолынан не келеді д.м. ~ Менің арманым-дүние емес, басымның кегі болатын. Іздегенім есем болатын. Оған қолым жетпесе мен Есендікке қатын да болып жүрмес едім (Аз тұрып). Рас, әуелі қызбен сөйлесейін. Ол немекенбейді ғой. Бұған не айла бар? (Ойлап.) А-а-а, қыз қайда екен өзі? (Шақырады.) Дәмеш, ә Дәмеш! М.Әу. ~ Сен маған одан да бір нәрсенің емін айтшы: Қанша толғансам да, қаламым жүрмейді. Басым қатып, кей күндері не жазғанымды білмей, шатасамын. Кәне, осыған не айла бар? Медицинаның құдіреті осыған жетпей ме? М.Им. ~ Хан: − Біздің ауыл Сырдың бер жағында, сіздің ауыл ар жағында. Қасқырға не айла қылсын, қалай қорғасын? – деді. Көсе: − Ендеше біздің ауылдың айғырларының даусы сенің байталдарыңа қайдан естіледі? – деді. БС. “Алдар Көсе”.
