Әлде бір жағдайға қызығу ретінде айтылады. ~ Жолдасың жақсы болып, сенің айтқаныңа түсініп, сенімен бірге білімге ұмтылып отырса, не арман бар? Б.Майл. ~ Соған орай өздерін ерекше талайлы, соншама жеңіл сезінген. Жалғыз ұлдары – бар екен. Аман-есен жүр екен. Енді не арман. М.Мағ. ~ – Соғыс… аяғымнан сол соғыста айрылсам не арман еді! – аспанның көзі қанға толып кетті. О.Бөк.
НЕ АРМАН БАР
Біреудің бақытына қызығу, бұдан артық қандай бақыт болады д.м. ~ “Іздегенің табылын, сусының бір қанғанда, Осылай жауап қайтарған не арман бар адамда? Бақытты жан екенсің, ақиқат берген жалғанға! М.Мақ. ~ — Олар — ертедегі жылқылар. Көріп тұрсың, бұлар -шындықтағылар. Осындай аттарды мінген кісіде не арман бар? С.Мұқ. ~ Қайғы-қасқыр талап жесін тоқтыдай, Жесір мұңын еститұғын жоқ құдай. Сені сүйген еркекте не арман бар, Түз құсындай, уа, тәкаппар, тектім-ай?! Н.Айт.
