Posted in

НЕ АҚЫҢ БАР

Не жұмысың бар, шаруаң қанша д.м. * – Малың жоқ болса, құрбан жасағанда не ақың бар еді! Менің ол тоқтымды кім болса сол алатын еді. Ағайыншылығыңды айтқан соң бергемін. Ж.Айм. * Жүрісімнен жаңылтып, Бақ дəулеттен арылтып, Не ақың бар ед ерімде? Осынша мазақ ететін Жетпіс жеті əкеңнің Басы бар ма ед жерімде? Ж.Айм. * Абай енді ыза болды. Қатты зекіп сөйледі. – Жә, ішер асыңды іштің! Айтарлық құдай аманаты, бос мылжың сөзіңді айтып болдың. Енді тұр, тарта бер! Менде не ақың бар? М.Әу. * – Ұста ананы! – деді Шоқан Жайнаққа, күрең қозыны нұсқап. – Неге? – деді Жайнақ. – Не ақың бар, «неге» екенінде, «ұста!» деген соң ұста! С.Мұқ. * – Сен кімсің?.. – өзімді барынша сабырлы, барынша батыл ұстадым. – Жын… жынның қызы… – Менде не ақың бар? – Мені тек сіз ғана құтқара аласыз… Қ.Мүб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *