Не абырой көреді; не пайда тапты? * Әбділдә. Дұшпан десең – дұшпанмын. Сенімен дос болған кісі не барқадар табушы еді? М.Әу. * Бейшара, бес жылдың iшiнде төртiншi рет құрсақ көтерiп тұр. Осы иттiң ұрпағын көбейтiп жылда күшiктегенде не барқадар таппақ. М. Дәу. * Былай қарасаң, жә деген жазушы кеудесін қағып қалай мақтанам десе де тақиясына тар келмейтін еңбек. Бірақ мен не барқадар таптым? Т.Сәук. * «Не жақсыңа қуана алмайтын, яки жаманыңды көтере алмайтын жанға шындығыңды айтып не барқадар табарсың. Ішкені ас болмай, түні бойы төсегі мұз болып, дөңбекшіп шықсын, бәлем». М.Қаб. * Бекер келген екенмін деп өкінді. Жүрегін жаралап жасығаннан басқа не барқадар тапты? Т.Сәук.
