Әлдебір ұятты іс үшін қалай ақталам д.м. ~ Ертең Асқар аман келсе, не бетімізді айтамыз. Әлдекімнің әйелі болса мен оны не қылайын. С.Мұқ. ~ Шах пен маттың арасы бір-ақ адым‚ кел‚ көрсетейін» деп‚ кірген бетте шаршы тақтаны іздейтін ініме не бетімді айтамын. Қ.Түм. ~ Енді қайттім, мамама не бетімді айттым, – деді Айдай даусы дірілдеп. – Үйдегі барымыз осы еді, – енді қайттім! Қ.Ысқ. ~ — Ой, нағылет жауғыр… Сені оқуға бермей бәлеге берген екенмін. Тумай туа шөккір! .. Құдай – ай, ел алдында масқара болдым – ау. Құдама не бетімді айтам? Жоғал көзіме көрінбей! Жоғал! Н.Сер.
