Неге болса да дайынмын, болғанын көріп алайын д.м. * Қарияның келбетіндегі барша жастық бояуынан ніл қалдырмай жалғыз күй кергілеп еміп, тақа суалдырып кеткен жоқ па екен?! Мейлі, не болса – ол болсын! Ғ.Біл. * Қалайда, Жәдігер өзіне ырза. Не болса, ол болсын, менменсіген неменің намысына тиетін жанды жерін дәл басқан екен. Ә.Нұрп. * Осы арада бір ойран салып кетпей рульге қайта отырмайды. Арты не болса, о болсын… Ел не дейді, жұрт не дейді, заң не дейді, мейлі… Ә.Кек. ~ Есірткі сатпағаным тағы аян. Не болса – о болсын, ақша өзінің баратын жерін жаңа тапты. Д.Шал.
