Posted in

НЕ БӘЛЕ

Әлденеге АШУМЕН қайран қалғанда, ызалана айтылатын тіркес. ~ Үйге кірместен дабырлап сөйлеп: — Бұл не бәле?! Неткен сұмдық?! Қазақ баласының біріне-бірі бұндай жамандық еткенін қай атамнан көріп едім?! Араздығым болса да, аямас жаулығым бар ма еді ? Қайда! ? Қайда Оразбай! ?— деп, қасындағы жігітіне ұраңқайдың есігін ашқызып тұрып, осындай сөздерін айтып алып, үйге кірген. М.Әу. ~ Сиырдың мүйізін кесу деген не бәле, мұны қайдан шығардың деп тұрған боларсың. Мал жанды кісі осындай амал жасайды. Кескен абзал, әйтпесе басын құртады. Х.Ес. ~ О, түрінен айналдым. Үрпиіп жүдеп кетіпсің ғой өзің, — деп шешесі оны жас баладай әуектетіп, бетінен сүйді. — Осы сендердің әйелдерің тамақ бермей ме? Не бәле бұл? Қ.Жұм. ~ Сен Асқардан туған ұл болсаң, бұлай деуге тиіс емессің. Ескі жол деген не бәле, жаңа жол тұрғанда? Екеуінің алыс–жақыны бірдей… Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *