Неге сонша қиналдың, неге берекең кетті д.м. * ─ Бүгін таңда төніп тұрған жау бар ма? Осынша әбігерленетіндей бізге не күн туды? С.Ом. * ─ Бүгін таңда төніп тұрған жау бар ма? Осынша әбігерленетіндей бізге не күн туды? С.Ом. *— Құдай дегенің дұрыс. Тып-тыныш отырған адамдардың, малын талап, өзін жер аударатын не күн туды екен, сірә, — деп Әбен салпиған ернін жиыра бір тамсанып қойды. С.Бег. Кісіні кісі жазғыратын заман болмай-ақ қойсын ол кез. Сонда да колхозшылардың көбі сеніп Айшаға көжелігін қалдырып кетіп жатқанда өз әйеліне күдікпен қарайтын Рамазанға не күн туыпты?! С.Шайм.
НЕ КҮН ТУДЫ БАСЫҢА
Не көрінді, неге сонша бүліндің, не қиындық көрдің? ~ Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, Қыз өле ме бай таппай? Абай. ~ Алатау, Қаратау мен кездім Шуды, Өз өнерім өзімді үйден қуды. “Үйіңде сабыр қылып отырмастай, Басыңа, дейсізлер ғой, не күн туды?!” М.Ж.Көп. ~ Анда Манас қабылан Қатқырып күліп алғаны, Қайырып кетпен салғаны: «Ой, атаңның көрі, Ораңқы, Жалаңаш топқа барғандай, Түйені шешіп алғандай, Не күн туды басыңа? “Манас”. (Б.Әлімж.)
