Одан саған не пайда, не жақсылық көресің д.м. ~ – Жалғызымды менен айырғанда не марқадам табасыңдар. Құлынымды айырмаңдар менен, одан да мені өлтіріңдер, жауыздар! Жүрген жеріне жуа бітпегір сұмдар, өлтіріңдер мені! Ж.Шәк. ~ Түстіктегі Мәмбетке, не шығыстағы Төртуылға кірме боп қосылғанда не марқадам табады? Қ.Жұм. ~ – Өз халқыңды табалағанда не марқадам табасың. Біздің қазақ қазір жетім бала сияқты той. Кім қолына нан ұстатса, соның жетегінде жүре береді. Қ.Жұм. ~ Жаны ашитын біреулер оған: «Шепен, – шырыш бұзғыш тентек, Абан, – кескекте абалаған ит, бұл екеуін ертіп не марқадар табасын? С.Мұқ.
