Posted in

НЕ ОЙЛАҒАНЫН КІМ (ӨЗІ) БІЛСІН (БІЛЕДІ)

Не істемек, не жоспары бар д.м. ~ Қамар бұл ойынға бармай пәле қылады ғой деп қорықса да, не ойлағанын кім білсін, шақырысымен Қамар өзі бастап оңай-ақ барып қалды. С.Тор. ~ Төмендегі екеу – Ахмет пен Төлебай жазмышқа көнгендей, айналасына бір-бір қарап алды да, үндемеді. Не ойлағанын кім білсін. Б.Ыбыр. ~ Бірақ, кешегі түн оқиғасын екеуі де қозғаған жоқ. Қыз не ойлағанын өзі білсін, ол жайында жұмған аузын ашпады. Бұл да сұрамады. Н.Сам. ~ Олардың әр қайсысының жанында бір-бір сылқым сұлу бар еді. Не ойлағанын өзі біледі, бастығы екі күлімкөзді бірге ала келіпті. С.Олж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *