Posted in

НЕ СЕБЕПТЕН (СЕБЕПТІ)

Неліктен, неге, себебі не. ~ Бар шығар балалығың үйткен-бүйткен, Айдатты Ақмолаға не себептен? Тірідей атқа тағып өлтіргендей Тобықты не көріп ең, ер Кебектен? І.Жанс. ~ Не себептен екені белгісіз, шамасы тамақ іздеген болу керек, погребті тінтіп, жауынгерді тауып алады. Т.Ахт. ~ Нұрғазарын, сөйле десем сөйлемейсің, Майысып не себептен үндемейсің? “Нұрғаз.” ~ Сүйіндік аға, осы мына сіздің жердің алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік, не себепті Қарауыл атанды екен? – деді. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *