Posted in

НЕ ТАБАР (ТАБАДЫ, ТАБАМЫН)

Одан не пайда көреді д.м. ~ Иірімі жоқ суларға Иірілген шабақ не табар? Қайрымы жоқ сұлтанға Ерген нөкер не табар? “Ер Тарғын”. ~ Қатын қалса ер табар, Ұлың қалса мал табар, Қызың қалса бай табар, Жан өлімге жеткенде, Кәріп басың не табар?! БС. “Бозжігіт”. ~ Сейпілмәлік Аллаға мойын ұсынды, “Қайтіп өмір сүрейін дем жеткен соң”. Алпыс кісі қасында сөз айтады, Ажал болса ойбайменен не табады?! Сейпілмәлік”. ~ Ал көнбедім, тірестім, ерегістім. Сонда не табамын? Интернатқа қабылдамай қойса, қайда барамын? Қаңғырып қаламын ғой. Ш.Мұрт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *