Не көрсе де, ол өзінің теріс пиғылының, арам ойының нәтижесі д.м. ~ — Ұлым! – деді ол, – әкеңнің кегін алар орын бұл жер емес, төрімді қанға былғама. Әкең өзі іздеп барып қан майданда қаза тапты. Ниетінен тапты. Кегін майданда ал! А.Өтег. ~ Ниетіңнен таптың. Өз-өзіңнен қуырылып, тарылушы ең. Бар ашуыңды менен алатынсың. Жынысым бір ғой, бірде болмаса, бірде еңсесін көтерсін дедің бе, аяушылық жасадың ба? Жоқ. К.Қаз. ~ Бірақ бәрі мәмлеге келе алмады бірден. Бірі:– «Шайтанның азғыруына еріп азғындаса, өз ниетінен тапқаны» десе,екіншісі қарсы дау айтты: — «Ниетті де Құдай береді. Демек, Жаратқанның бұйрығы солай, біз ештеңе істей алмаймыз!» Т.Сәу.
