Posted in

НИЕТІ БҰЗЫЛДЫ

Оң жолдан тайды. ~ Екеуi қос-қосардан төрт жарау ат жетектеп кептi және сойысқа бiр тай әкелген екен. – Осыны керегiне жаратсын. Ағайын ниетi бұзылды. Жерге кiргендей боп отырмын. М.Әу.

  1. Теріс ой санасын улады. ~ Балаң болса да, түз тағысының ниеті бұзылса, оның бір мытығанынан жан қалмас. Мергеннің шыбын жаны мұрнының ұшына келген. К.Сег. ~ Күнәлі іске әуелі ой бастайды. Жасасам қайтеді?.. Нем кетеді?.. Ешкім біліп болжамайды!.. деумен кісінің әуелі ниеті бұзылады, ойы арамданады. Д.Дос. ~ Алдымен, ұлын қырқынан шығарғанша бағысып берейін деген енесін қудалады. Күйеуіне кім біледі ниеті бұзылып, қызғаныштан баламызға жамандық істеп қойса қайтеміз деп санасын улады. С.Досж.
  2. Көзқарасы өзгерді, өштесті. ~ Ұзынағашта Қоқан қолы мен орыстар майдандасып жатқанда қала-қаладағы орыстарда үрей қалмаған. Қазақтардың орысқа ниеті бұзылып, әр жерден әр орысты өлтіріп, малын ала бастаған. Д.Әбілх.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *