Ықыласы жақсы, дос пейілді. ~ Ниетің қалыс екен, Мұқыш. Соғымның еті ада болмай тұрған жақсы уақытта келіп қалдың, ал, – деп жалғыз басты жуан ақ бәкісін алдыма тастай беріп әйеліне бұрылып: – Немене, бүгін үйді жылытпағансыңдар ма, ішігімді әперші бері, – деді. М.Мақ. ~ Үйімізге өмірі келмейтін ауыл секратары есігімізді тұңғыш рет ашып отыр екен. Сенімен ниеті қалыс-ау, е! Т.Рыск.
