Posted in

НОҚТАҒА БАС (МОЙЫН) ҰСЫНБАДЫ (ҰСЫНДЫ)

Басына құрық түсірмеді, еркіндігін сақтай білді. ~ Әділін айтқанда, Раймалы-ағаға қыздың өзі ғашық болыпты. Бірақ та Бегімайдың басы бос, қалай жүрем, қалай тұрам десе де еркі өзінде, ноқтаға бас ұсынбайтын қыз болыпты. Ш.Айт.

Біреудің ырқында кетпеді, бодауға көндікпеді. ~ Осының алдында ғана жылқыны жарқабаққа қамап, мұздай қаракөк биені ұстап тұр екен. Бие ноқтаға мойын ұсынбай, басын көк жеңдетіп, осқырады. Т.Әл.

НОҚТАҒА МОЙЫН ҰСЫНДЫ

Тағдырдың басқа салғанына көнді, бодауға көндікті. ~ Сол жолда не көрсең де жақсылықтан күдер үзбе. Саған алла сабыр суын берсін! Ноқтаға мойын ұсын. Кіммен қарайсаң, сонымен ағарарсың… – дейді жұп-жұмсақ үнмен жылы ұшырай. Ш.Құм. ~ Түсіне кірген ақ; киімді, ақ сақалды қария айтқандай, ноқтаға мойын ұсынғаны сол шығар, күйеу жігітке іші жылып, ниеті ауды. Әуелгіде селт етпеген көңілінде бір нәзік сезім бүршік атты. Ш.Құм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *