Posted in

НОҚТА АҒАСЫ

Басшы, ел ағасы. ~ Ат басына ауыздықсыз кигізілетін тұрман — ноқта. Оған «шылбыр» бау ғана (ноқта болмаса, жүгенге де) тағылады да, тоқтағанда атты сонымен байлайды. Қазақта «ноқта ағасы» — үлкен, басшы мағынасында қолданылады. Олай дейтіні, көне заманда әке балаларына енші бергенде көш алдына жүретін ноқталы түйені үлкен ұл жетектеген. Содан «ноқта ағасы» атанған. С.Мұқ. ~ Осы жолғы еркек тоқты – құрбандық мен болайын. Оның үстіне Арғынның ноқта ағасы деген атым бар, – деп ырыққа көнбей тұр. Қ.Жұм.

  1. Жүз ішіндегі жолы үлкен ру. ~ Арғынның кіші рулары өзара бас қосқанда «Ноқта ағасы» деп жолды Тарақтыға береді… Ұлы жүздің «Ноқта ағасы» — Жалайыр. С.Мұқ~ Сондай-ақ Орта жүз қазақтары тарақтыны ноқта ағамыз, десе, Ұлы жүз қазақтары жалайырды «ноқта ағасы» деп дұрыс таныған. Т. Қалил. ~ Онда да тұнып тұрған ескі тарихтың таңбалары тасқа қашалып қалғандай. Ұлы жүздің ноқта ағасы жалайырдың Ескелді, Балпық, Қабан жырау атты үш әулиесі бар емес пе? Ұ.Досп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *