Posted in

НУЛЫ ЖЕР (ӨЛКЕ)

Шөбі қалың, шұрайлы, оты-суы мол мекен. ~ “Бетпақта өсетіндерін ғана айтып тұрмын ғой,— дейді әкем.— Майсалы, нулы жерде тудым, шөл мен қырдың жайын көп біле бермеймін. М.Мағ. ~ Орыстар, әсіресе соңғы жылдары мылтықтың күшімен, қылыштың ұшымен тұрғылықты қазақтардың ең шұрайлы, сулы, нулы жерлерін тартып алды. Б.Тоғ. ~ − Лашын, қаршыға-көлі көп, сулы, нулы жерде болады. Қаз-үйрегі мол жерде жүреді. Ш.Мұр. ~ Бірақ олар, әйтеуір, енді екі тәуліктен кейін азап жолынан құтылып, айдын сулы, жасыл нулы жерлерге баратынына көздері жетеді ғой. Ш.Айт. ~ “Бұл тараптагы менің білігім шамалы,- дейді көкем.- Есілде, сулы, нулы өлкеде өстік.” М.Мағ. ~ Шалғыны белден келетін мидай жазық. Не айтары бар: Көкжайдақ десе – Көкжайдақ, сулы да, нулы өлке! Т.Жұрт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *