НІЛДЕЙ БҰЗЫЛДЫ (БҰЗДЫ) Көңілі оқыс өзгеріп, бұлқан-талқан ашуланды. * Жақында досым Дидахмет Әшімхановтың «Жетпіс апа» аталатын тамаша әңгімесін оқып шыққан соң нілдей бұзылдым. Қ.Ергөб. * Мұны көрген басшының қабағы қалыңдап, көңілі нілдей бұзылды. О.Сәрс. * Жаңа ғана жайдары, күлімдей өзін қызықтаған бейтаныс үш жанның сәлдің арасында неге нілдей бұзыла, жүздерінің суық тарта қалғанын сары күшік түсінген жоқ. М.Сүнд. * — Биыл ол кісі, апамды айтам да, «өлсем де сендермен жайлауға бірге барам, жаз бойы жандарыңда болам» деп, жап-жақсы отыр еді. Бар ойын нілдей бұзған колхозбастық болды ақыры. Д.Әшім.
