Posted in

НҰРЫ ТАЙДЫ

Көзі қарауытты, бет-жүзі солғын тартты, өмір нышаны бәсең тартты. * Талтаңдай басып келіп — көп жыл бойы тепеңдеп, ат үстінен түспеген кісінің әдеті — үнсіз еңкейіп, өлген аюдың көзін ашып көрді. — Нұры тайған… су қараңғы соқырдың аз-ақ алды, — деп бір қойды. М.Қаб. * Көзінің етегі көгіс тартып, жүзінен нұры тайып, бейне, «Жо-ға!.. Қоя тұрыңдар!.. Көмуге асықпаңдар!..» деп табыттан тұрып кеткен арыған әруақ, құр қауқар, сүлесоқ сұлба секілді ме. Д.Досж. * — Шолпанымнан қалған жалғыз ұрпақ сен едің. Әкеңе амал жоқ, әйтпесе шымбайыма батып-ақ тұр,— дегенде, кемпірдің нұры тайған қызыл көзінен жас тамып кетті. Ғ.Мұст. ~… сүйенішке қойылған көрпежастыққа арқасын сүйеп, нұры тайған жанарының әлсіз жарығын жартылай ашылған шаңыраққа, шаңырақтан арғы түпсіз шыңырауға жіберіп, ұзақ жатты. Ғ.Біл.

НҰРЫ ТАЙМАҒАН

~ Көркінен айрылмаған, күш-қуаты өзінде. * “Қандай көрікті, пәтшағар! Әлі нұры таймаған. Дұрыстап киіндіріп қойса… ” деп ойы бұзыла бастаған Мақан алғашқы сесінен айнымай ақырып жіберді. С.Смат. * Апам қуанып кетті, әлі нұры таймаған қара көзі күлімдеп сала берді. Н.Сер. * Байғұс әйел кеше кеште Демежан қазасын естіген сәтте- ақ, қара шашын жайып жіберіп, әлі нұры таймаған ал- қызыл, сұлу жүзін тырнағымен осып, қан жоса еткен. Қ.Жұм. * Сол есіне түссе, бұның кез алдына бетінен нұры таймаған ақ сары әйел тұра қалады. Қолынан талай дәм татқан-ды. Ә.Нұрп. ~ * Орта жастан асқанмен, Ұлбергеннің көзінің өткір нұры тайған жоқ еді. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *