Posted in

НҰРҒА МАЛЫНДЫ (МАЛШЫНДЫ)

Арайлы аппақ түске шомды. ~ Бүкiл дала әнге кенелiп, ендi-ендi бозамықтанып, алтын нұрға малынып күмбiрлеп тұрғанда, … кiм ұйықтап қалушы едi? М.Қан. ~ … арқан бойымен әрлі-берлі, әлме-әл қатынап тұрған паром да, оның үстіндегі қара-құралар да қызғылт нұрға малынды. Н.Сер. ~ Нұқыл бір жасөспірім бозбаланы сапқа тізіп қойғандай нұрға малынған теректер: “Мені көр, жоқ, мені көр”, — деп сыптай тартылып, бой түзеп тұр екен. Ә.Тар. ~ Бәденді толық кескін қызғылт нұрға малынды. С.См. ~ Осынау нұрға малынған тыныштықты сықылықтай тербеген қыз күлкілері, тіпті құлпыртып жібергендей болды. С.Ғабб. ~ Мамасы босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық. М.Мақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *