Posted in

НҰР ЖҮЗДІ

Өңі ашық, мейірлі. * Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ маңдайлы, нұр жүзді, балуан тұлғалы жас жігіт Құлыншақтың немересі еді. М.Әу. ~ Құбаша келген қой көзді, Талма да бойлы нұр жүзді, Адамның емес баласы, Туған айдай иілген Екі қастың арасы. “Қыз Жібек”. ~ Қобаған мұрын, қой көзді, Талма бетті, нұр жүзді Қарлыға деген қызы бар,— Қарлығаны шақырып, Дауыстап Көбікті сөйледі… “ҚҚҚ”. * Еңгезердей мол денелі болса да, аса сымбатты, нұр жүзді Базаралы қазір отызға жаңа ілінген. М.Әу. * Енді сол кеп қыздардың ішінен бөлініп қалған бір ғана ұзын бойлы, ақсары қыз бар. Сұлу денелі, ашық нұр жүзді әсем бойжеткен. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *