Беті ажарланып, бал-бұл жанды, өңі ашылды. * Әлгінде ғана жас парлап жүрген Бәтиманың көздерінде нұр ойнап шыға келді. К.Қаз. * Ықсанның жүзінде нұр ойнап, көзі күлімдей кішірейіп барады. М.Сүн. * Өңіне әп-сәтте жаңа нұр ойнап шыға келді. Еңсесін тік ұстап, ол да табалдырықтан аттады. М.Әбдіх. * — Жаман емес, – деді жаңа жауған ақша қардай аппақ бетіне таң шапағындай қызғылт нұр ойнап шыға келген Назерке жұмсақ жымиып. С.Досан.
