Үлгі көрсетті. ~ Мен Қашым дүниенің гүлін терген, Аралап талай жұртқа нұсқа берген. Сайраған бұлбұл құстай қызыл тілім, Опасыз бұл дүниеден өтер ерден. Қ.Қожам. ~ Қысқа ғұмыр кешсе де, нұсқа боларлық ерліктер жасап, елге өнеге, ұрпаққа ұран болып қалады. С.Ақт. ~ Атадан қалған асыл сөз, Аманат болған ғасыр сөз, Заман ұқсын, заң ұқсын, Тұтқа болып ұлтына, Тақта отырған хан ұқсын, Нұсқа болып жұртына, Тапта отырған би ұқсын. Б.Әлімж. (“Манас”).
