Posted in

НӘЗІК ЖАН

НӘЗІК ЖАН Қыз бала, әйел. * Қаршадай нәзік жанның бір жағынан училищеде оқу оқып, екіншіден мұнша шаруаны бір өзі тындырып жүруі маған ерен ерлік тәрізденіп көрінді. Б.Соқ. ~ Жігіт шіркін бұғына ылпа жапсырған соң ба, бойын бүрістірген әлгі бір үрей мен ұятты сейіліп, дәл қазір өзіне арыстан атылса да алдында келе жатқан нәзік жаннан араша күткендей ізінен адаспауға тырысып томпылдай берді. Қ.Ысқ. * Бірақ өлгеніне он жыл болса да Ұлтуғанды ұмыта алмай жүрдім. Ұмыту мүмкін бе ондай нәзік жанды. Б.Қыд.

  1. Сезімге берілгіш, жүзі мейірлі, жаны сұлу адам туралы. ~ Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, Менің нәзік жанымды кім түсінер!? М.Мақ. * Сөз де бөлек… Қайдан шыққан? Қашан айтылған? Қандай нәзік жан осындай боп, бар шынымен сүйе білген? Мәлім емес. Шырқап келеді. М.Әу. * — Өз басым композитор, ақын атаулы мұңсыз болады деп ойламаймын. Жаны нәзік жанның сезімі өрмекшінің өрмегіндей болмашы желдің өзін тез аңғарғыш қой. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *