Құлқынның құлы, әуейі. * Онан ауысса қу нәпсіңнің құлы боп ана ауыл, мына ауылдағы қыз-қырқынға әукеңді салып ақ көйлектің етегін қуалап жүрдің. Ә.Нұрп. ~ Ай-ай, ақымақ! Асқабақты айнала, аласұра, жанталаса жанұшырғанымен, қолын, сұғанақ қолын босата алмайды, нәпсінің құлы. Адамның несі артық со шіркіннен?! Неміз әулие?! С.Сағ. *Сақып-Жамал тек нәпсі құлы әйел емес еді, ол жүрегінің таңдауы, мөлдір бұлақтай таза тілегі бар әйел болатын. І.Ес. ~ Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлқын қамымен өткізеді. Бақыт дегенді нәпсінің құлы болып ләззат қуу деп біледі. Бірақ, ләззат – тұзды су. Ішкен сайын шөлдетеді. Бақыт құсы ұстатпайды. С.Елу. * – Қойшы, жаным… Егер мені жәй нәпсінің құлы, жар төсегін қорыған көп ақ жаулықтың бірі деп ойласаң, ренжимін, — деп Демежанның қызу аптығын тез басып тастады. Қ.Жұм. ~ Бұл не, махаббат па еді? Иә, бұл да махаббат, бірақ, бұл арын, ұятын, адалдығын бәрін тек нәпсіге бағындырған, адамгершілікке ырық бермес дөрекі, қиқар, жарбағай – жаңғалақ сезім еді. Тек хайуан ғана нәпсі құлы. І.Ес.
