Тағдырдың айдауымен д.м. ~ Сөзіңіздің пайыз-бағдарынан мақұрым тұрмыз. Несібеміз сол жақтан болса, нәсіп айдаса барармыз. Б.Қыд. ~ Бұлар көшкелі де жиырма жыл өтіпті, бұларды нәсіп айдаған жаққа қарай жер-ананың өзінің аунап түскеніне де табаны күректей жиырма жыл толыпты … В.Рас. ~ Әзімбайдың ауылында Мейман болып жатырмыз, Көп күндер өтті арадан. Нәсіп айдап бұл жаққа, Шығып едік қаладан. “Қамбар б.”
