Құдай бұйыртты. ~ Бір жасап, екі жасап, Әзім өсті, Сонан соң медресеге барып түсті. Аз жылда жақсы ғылым нәсіп етіп, Жас жігіт жүзі нұрлы, көңлі масты. Абай. ~ — Қореке,— деді екінші бүйірден атын тебіне түскен Сүлеймен мүсіркеп,— ендігі қалған жасыңызға Құлагердің бәйгесін нәсіп етіп қайтесіз. Соның алатын бір үйір жылқысын өзім-ақ берейін. С.Жүн.
Алла жазса д.м. ~ Алла Тағала сол мол еншімізді ұрпақтарымыздың езуінен көруге нәсіп етсін! Ж.Шәк. ~ Үміт пен күдік аралас көңілі алабұртып, айналаға жалтақ-жалтақ қарап, “иә, Құдайым, нәсіп ете гөр!” деп жалбарынады. Т.Сәу. ~ Әйелі алды дағы аз ойланып, Жүніске бермек болды амал тауып. “Мен саған көрсетейін шығар жолды, Құдайым нәсіп етсе болмас қауіп”. БС “Жүніс жетім.” Орайы түссе, Алла бұйыртса. ~ Нәсіп қылса, бұл өңір бая қуған малшы байитын, тіпті қора түбіндегі ақсақ тоқтыға дейін қысыр қалмас берекелі жер екенін ұзақ әңгіме етісті. Ә.Асқ. ~ Ол енді болашақ жарын да, нәсіп болса, дүниеге келетін тұңғыш перзентін де көрмейді. С.Омар.
