Posted in

ОБАЛ (-Ы) ЖОҚ

Аяуға тұрмайтын оңбаған адам д.м. ~ — Атыңдар мына қақбасты! Қашырып отырған осының өзі! — деді Құсайын даурығып. — Қоя тұрсайшы, әке, ашылады ғой, — деп, Әбділда әкесінің асығыстығына кейігендік пішін көрсетті. — Неге қояйын, большевик шақырып… Обал жоқ!.. Дін жоқ бұл итте. Б.Май. * Мүғайын тауықтарды осы жепті. Обал жоқ өртесе де мұны отқа, Апарып өлтіріңдер, байлап отқа. А.Байт. ~ Өзін қойшы оның… көзінен жас емес, қан аққанына қарамастан атып тастасаң обалы жоқ. Әттең, ана шиеттей балаларын айтсаңшы… С.Мұр.

  1. Өзім (өзіне) де сол керек деп табалау, ашына өкіну мәнісінде. ~ Сайтан алғырдың туфлиін қайдан ғана ремонтқа беріп ем?! Әй, құдай-ай, өзімеде обал жоқ-ау!.. Т.Бер. * «Маған обал жоқ, Қанымгүл,- деп жатты ол ішінен.- Осы сенің қадірінді білмей, саған тіл тигізіп өкірендеп жүргенім иттік емес пе? Ш.Айт. * — Бұл Нұртайдың ісі ғой! – деді Бекбауыл сұрланып. – Кешегі аста бас бәйгі алған ақ тұлпар, Нұртайдың маңдайына басқан жүйрігі еді. Жылқайдар ұрлатып алдырған! Өзінің де обалы жоқ! З.Шүк. ~ Осындай жолда жүргенде өзіне де обал жоқ, жас, ақылы толықпаған қыздардай, бойын ерекше ұстап, көзге түсуді қою керегін түсінеді-ау… К.Өтж. ~ «Оралыңның барында ойна да күлді» ойланыңқырамай айтқан қазекеме обал жоқ. Осынау сөздерді сыңаржақ ұғынған ұрпағына сауап. М.Бай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *