Жан даусы шығып шырқырады. *Алдында ишанның умалауынан зәрезеп болып қалған сорлы Қамар бақсы ойнайын десе, ойнамақ тұрсын маңайына жақын барса да, ұядағы балапандай шырылдап міз бақтырмады. Ойбайдан ойбай салды. С.Торы. ~ Шашы жайылып кеткен. Көзінен аққан жасы көл болып, алдындағысын көрерлік емес, көрсе, танырлық емес. Ойбайдан ойбайды салып келеді екен. Бәйбіше Перімәлік байға қарама-қарсы келе кетісті. “Қаз.ерт.”
