Posted in

ОЙДАН-ҚЫРДАН ЖИНАЛДЫ (ЖИНАДЫ, ЖИЫЛДЫ)

Әр тараптан бас қосты. ~ — Түк те емес! — деді Володя, — ойдан-қырдан жиналған бандит сияқты. Сен патшаның урядниктерін көріп пе ең? Ғ.Мүс. ~ Ойдан-қырдан жиналған аттылы, жаяу қазақтардың ішінен Темірбек Айтқұлды кездестірем деп ойламаған. Б.Тоғ. ~ Бір күні Дулат — Шапырашты бас қосқан үлкен топқа Шыбыл ауылының нарты, өз туыстарын ойдан-қырдан жинап ел қылған Тәжі шақырылды. Б.Қыд. ~ . Ойдан-қырдан жиылып жәрмеңке басында тоғысып, балуан күрестіріп, ат жарыстырып, ақын айтыстырып, өнер базарын қыздырып, өз алдына думандатып жататын көңілді топқа көп те үйір. Ү.Жәл. ~ … Сол Біржан – осы Біржан, қайран Біржан, Келе сап Қояндыны қайран қылған. Біржанды «келеді деп» күтуші көп Жиналған исі қазақ ойдан-қырдан. К.Мырз. ~ Ойдан-қырдан жиналған әлгі значоктардың бір уысын Нұрланға сыйладым. Ш.Мұрт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *