Posted in

ОЙМАҚ (ОЙМАҚТАЙ) АУЫЗ

ОЙМАҚ (ОЙМАҚТАЙ) АУЫЗ Кішкене келген сүйкімді әдемі ауыз. * Қандай керім! Қасы, көзі, кірпігі — өзгелерде дәл әлгі арудікіндей әрі көркем, әрі әдемі боп үйлесіп тұрмайтыны неден екен? Бір кемшіні болсайшы! “Оймақ ауыз” деп осындайды атайтын шығар! С.Смат. * Сымбатты көркі ғана емес, әрбір қимылы, мінезі де осы уыз қымыздай ләззат берді Мейрамға. Енді лебізін естуге ынтық. Сөзге оңтайлы оймақ ауыз, жұқа ерін сөйлемеді бірақ. Ғ.Мұст. * Одан еңкейіп келіншектің бетіне ұзақ үңіліп қарады. Қасы қияқтай, оймақ ауыз, қап-қара шашы жастықтан асып жерге салбырап тұр. С.Досж. ~ Бұларға жакындай бере оймақтай аузы оқыс ашылып, отты жанары жарқ ете қалды. С.Досан. ~ Ұлтарақтың кей сөзіне маңдайы тыржиып күдіктене қараса, кей сөзіне оймақтай аузын ашып, күлген мен күлмегеннің арасында отыр. Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *