Бетімен кетті. ~ Иесіз қалған зиратқа нашақорлар ойына келгенін істеп, полковник Бауыржанның бюстінің жағасына сыр жағып бүлдіріп кетті. Қ.Түм. ~ Жасықпын! Бір тәуекелге бел байлап едім, онымнан да ештеңе шықпады. Ал, Мақан ойына келгенін жасайды. С.Смат. ~ Екінші менің күйзелетін жағдайым – теледидар. Түрлі каналдар ойына келгенін істеп, аузына келгенін айтып жатыр. А.Жақ.
