Еш алаңдамайды, басын қатырмайды. * Отқа ұшар көбелек, Қарамай, сорлы, алды – артын. Ойына кіріп – шықпайды Күйдірер деп от – жалын. М.Жұмаб. * Бұрын мұндайдың бiрi де ойына кiрiп шықпайтын, құйтымдай ғана нәрсенiң өзi көзiнен таса қалмай оттай басылатынды шығарып жүр. Ж.Шаштай.* Үлкен адамдар керісе береді. Ондай-ондай Жалбырдың ойына кіріп шықпайтын шаруа еді. З.Шүк. * Биыл қалай да алдағы қыстың мал баққан шаруаға ауыр сын боларын сезсе де, көңілі сүлесоқ енжар болғасын ба, әйтеуір ертеңгі тірлік қамы ойына кіріп-шықпады. Ә.Нұрп. * Ондай-ондай батырдың ойына кіріп те шықпайды. З.Шүк. * Мына аңғал-саңғал қостың есік, терезесіне одеялды кім ұстап, отынды кім әкеліп, отты кім жағатыны ешқайсының ойына кіріп шыққан жоқ. Ә.Нұрп.
