Posted in

ОЙЫ САН-САҚҚА ЖҮГІРДІ (БӨЛІНДІ)

Басына сан қилы ой келіп, дағдарды. ~ Ойы сан-саққа жүгіреді. Кім біледі. Өмірде мандайынан жан шертіп көрмеген Пахраддиннің еркебұлан қызы ашу үстінде суға секіріп кетті ме? C.Ел. ~ Әрбір адамда арман бар. Оқушы кездің өзінде оқу екпіндісі, үздігі болсам деп армандайды. Кейін ойын сан-саққа жүгіртіп, бірде ұшқыш, бірде дәрігер, бірде мұғалім, бірде журналист болуды мақсат етеді әркім. Ә.Ысқ. ~ Егордың ойы сан-саққа жүгірді. Шынын айтса‚ мылтығын тартып әкеткендей, жалғыз қақпанын алып қояр… Өтірік айтса ма екен? А.Алт. ~ Бөкен атасын қатты аяп кетті де, жылдам киініп, ауыл шетіндегі совхоз кеңсесін бетке алды. Жолда ойы сан-саққа бөлінді. Көз алдына қала елестеді. Көше бойына сән түзеген зәулім үйлер… Сыңсыған саялы парктер… Әсем театр… Үлкен кітапхана… Ал мұнда ауылда?.. Д.Әш. ~ Тілшілер тірегіне келген оныншы класс оқушысының қылығы ойымызды сан-саққа жүгіртті. Киген киіміне, жүрген жүрісіне қарап оқушы деп айта қоюдың өзі қиын. Ә.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *