Posted in

ОЙ, БАУЫРЫМ

Жақын адамының қазасына қайғы қосқанда ер азаматтардың айтатын сөзі. ~ Мықтыбай “ой, бауырым» салып, үйге кіріп келіп, Әділді көріп, көрісіп, о да аң-таң болды. Шәк. ~ Өзенімнің тұнығы-ай, Ауыр тиді-ау күйігі-ай. Қуаты еді белімнің Сәулесі еді көзімнің. Айрылған екем, ой, бауырым, – деп кемсеңдейді.. Ғ.Біл.

ОЙ, БАУЫРЫМДАДЫ

Кісісі өлген қаралы үйге ер азаматтардың ат қойып, дауыстап жылап келуі.~ Қанша ғайбаттасақ та, бүгін бет жыртысып жатқан ағасы Шалабай бес жылдан соң дүние салып, “ой, бауырымдай” атап, асына торы шолағын сойып тастайтынын қайдан білсін мұндарлар. О.Бөк. ~ Осы елдің ескіден келе жатқан салты бойынша көңілқос ағайын алыстан, ат үстінен айғайлап жылап, “ой, бауырымдап” шауып келіп, құлай түседі. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *