Posted in

ОЙ БӨЛДІ

Ынта қойды, назарын аударды, көңіл бөлді. * Оспан көңiлсiз едi, сондықтан күлкi еткен жоқ. Бiрақ Абайдың қора салу жөнiнде бел ауыртып қимыл қып, бас қатырып ой бөлмегенiн салған жерден аңғарды. М.Әу. * Үй ішінде көңіл бөлетін басқа ештеңе болмағасын бағанағы бір құшақ газеттің қалған жағын қарап еді; бұнан да ой бөлетін ештеңе таппады. Ә.Нұрп. ~ — Рұқсат, айтып көр, білгенімше жауап берейін, — деп Мұқаметқали оның сұрақшылдығына ой бөле жымиды. С.Бег.

  1. Көңілін басқа жаққа аударды. * Сол сүрлеумен барып Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз, – деді. Әңгіме азырақ ой бөлейін деді. Аттың жортысына шайқалып ауырып келе жатқан іш те ұмытылғандай болды. Б.Май. ~ Құнанбайдың Құлақкескенді көруге ой бөлуінің себебі, анада қолға түсіп құлағын кестіріп, тіл қатпай кеткен, Тобықтың Көкше руының ұрысы екен. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *