Әлдебір ой санасын биледі. ~ Ол босаңсыды. Әзәзіл ой иектегенін сезсе де, аңсаулы сезімін ірікпей, қиялына еркіндік берді. А.Байт. ~ Басына «Таңатардың қосы не болды екен?!» деген ой кіргенде, Шоқанның жүрегі өрекпіп, миы айналып кетті. Ол қысылғаннан терлеп қоя берді… С.Мұқ. ~ Таң атып қалса керек, жарық сәулемен бұның санасына жарық ой кірді: “Анау өлсе, мен жауап берем ғой. Ұят– ай, масқара– ай! Ә.Тар.
