Posted in

ОЙ ҚАУЗАДЫ

Терең ойға батты. ~ – Үміт – өзіңді-өзің емексіту. Өйтіп, әне-міне, иә, иә деп елпеңдейтін жайым жоқ. Қайтесің, – деп Батыр тоқалының бұрымынан сипады. – Барып шаруаңмен айналыс енді. Оңаша қалған батыр тағы да ой қаузайды. Н.Дәу. ~ Көп ұзамай Ерсерік шаңыра­ғы­на қайтты. Кенесары хан ес­керт­кіші тұсында азды-көпті аял­дайтын әдеті. Есілге көз жү­гірт­ті, биылғы жаз жаңбырлы, Есілде су көп, шып-шып еткен су кемеріне жетіпті. Түрлі ой қау­зады. А.Әк. ~ Осындайда шертетін едік қой, Ақкүшік. Боздатар едім қазір. Бойымнан боран соғып кетер еді. Боздап, әрине. Ақкүшік иесінің қолының сыртынан жалап, бүйіріне тығыла түсті. Сағынып қалған сыңайлы. Қалдыбай ой қаузайды. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *