Күтпеген жерден түсімге, пайдаға белшесінен батты, қарық болды. * Ақсақ Темір құзғындары, әмірлерінен бастап, қатардағы жауынгерлеріне дейін байыды. Әр сыпай төрт қыздан, жиырма жылқыдан олжаға кенелді. І.Ес. * Атырауда көктемгі балық аулау маусымы аяқталуға жақын. Ал су кешіп ау тартқан балықшылар – орасан олжаға кенелді. Аймақтағы 18 табиғат пайдаланушы мекеме, жүктелген лимиттің 30 пайыздан астамын ә дегеннен-ақ игеріп тастады. БАҚ.
