Posted in

ОЛЖА САЛДЫ

Бәйге ұтып алды, табысты болды, олжасымен бөлісті.. ~ Бестіден шықтың алтыға, Асыл тарттың салтыңа. Топтан озып бәйге алып, Олжа салдың халқыңа. «Қара жорға» ат атанып, Сүрмеде тізгін қатарып, Жайылды даңқың жалпыға.  “Мақпал – Сегіз”. ~ Жаныма ерткен жiгiтке олжа салып‚ Бiр түнде сегiз қыздың қойнын аштым.  Иманжүсіп. ~ Қалмақ, қазақ жаушылық заманда жалғыз кетіп, жылқы алып, асқан жайшы болып, елге олжа салып, батыр атақ алған екен.  БС. “Бердіқожа батыр”. ~ Бір кісі мың кісіге олжа салады.  М-М.  ~ Жүйрік ат көпке олжа салады.  М-М. ~ Ақтамберді қолбасын, Бес сыбанның ұлына Ортаға салды олжасын. Жүз тайлақтан есептеп Біреуін де алмады. «Ердің сыйы» деседі Ортаға олжа салғаны, Бір шағым от барлығын Елі сонда аңдады, Еспенбеттен Бөртенің Бұрын шықты атағы. Д.Баб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *